Ресейге 300 сириялық сарбаз келді: Путин 16 000 адамды шақырған
Ресейге 300 сириялық сарбаз келді: Путин 16 000 адамды шақырған
© focus.ua
246
оқылды
Украинадағы соғысқа қатысу үшін шақырылған сириялық жауынгерлердің алғашқы легі дайындықтан өту үшін Ресейге келіп жетті. Башар Асад режимін қолдауға Сирияға жіберілген ресейлік офицерлермен тығыз байланыстағы Сирия армиясының 300 жауынгері соғысқа аттанады, - деп жазады  NYT. Ресейліктер Украинаға 16 мың сириялық сарбазды жібермекші. Кандидаттарға қойылатын талаптар – жасы 20-45 аралығында, салмағы 50-90 келі болуы шарт.  Әскери тәжірибесі барларға басымдық беріледі. Путин режимі  жалданған жауынгерлерге алты айы  бойы $1200, Сирияға оралған соң $3000 сыйақы ұсынып отыр. Украинада көз жұмған жағдайда жауынгерлердің  отбасына $2800 және жыл бойы айына қосымша  $600 көмек берілмек. Олардың Сириядағы жалақысы құрылымдық бөліміне сәйкес $50- $100 аралығында екен. 24 ақпанда Ресей армиясы Украинаға басып кірді. Бүгінде Украинадан бас сауғалап кеткен босқындар саны төрт миллионға жуықтаған. Ал еліміз ол жақтан отандастарымызды эвакуациялауды аяқтады. Бұл туралы Қазақстанның Украинадағы елшілігінің баспасөз қызметі хабарлады. Барлығы Катовице қаласынан жеті рейс ұйымдастырылды.