Ақтөбеде су тасқыны кезінде құлап, құбырға кептеліп қалған қызды бір топ ер адам құтқарды – видео
Ақтөбеде су тасқыны кезінде құлап, құбырға кептеліп қалған қызды бір топ ер адам құтқарды – видео
288
оқылды
Ақтөбеде қар еріп, су тасқыны жаяу жүргіншілердің жүруіне кедергі келтірді. Әлеуметтік желіде лай суға құлап, құбырға кептеліп қалған қыздың видеосы тарады, – деп жазады Alau.kz. Оқыс оқиға «Арбат» тұрғын үй кешені маңында болған. «Батыс-2» ықшамауданында кәмелетке толмаған қыз суы бар шұңқырға құлап, құбырға кептеліп қалған. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, жас қызды бірнеше ер адам құтқарды.   https://youtu.be/S6pc7qwupTk Бейнежазбада суға батып бара жатқан қызды құтқару үшін жолай өтіп бара жатқан әйелдің жанұшыра көмек сұрағанын анық көруге болады. Қыз су ағып жатқан арыққа құлап, құбырға кептеліп қалған. Қыз лай суға абайсызда құлаған болуы мүмкін.