Қорғаныс министрлігі Қостанайдағы ресейлік техникаларға қатысты жағдайды түсіндірді
Қорғаныс министрлігі Қостанайдағы ресейлік техникаларға қатысты жағдайды түсіндірді
267
оқылды
Желіде Қазақстанның орталығында Ресей әскері орналасқандығы туралы ақпарат таратылып жатыр. ҚР Қорғаныс министрлігі бұл ақпаратқа қатысты түсініктеме берді, - деп хабарлайды  StopFake.kz порталы. Басылымның мәліметінше, әлеуметтік желіде Қостанайда ресейлік әскери техника жүргені туралы хабар тараған. Қорғаныс министрлігі Желіде жарияланған бейнежазбада Байқоңырдың іздестіру-құтқару командаларын қамтамасыз ету бөлімшесінің Ресейдегі тұрақты орналасу пункттеріне кеткені көрсетілгенін атап өтті.
"Бөлімше Қостанай облысының Арқалық ауданына қонған ғарышкерлер капсуласын іздеу мақсатында ағымдағы жылдың 14 наурызынан бастап Қазақстанда болды", - делінген ведомство хабарламасында.
Еске салайық, бұған дейін Байқоңыр ғарыш айлағынан «Союз МС-21» ғарыш кемесі ұшырылды, сондай-ақ «Союз МС–19» кемесі қонған болатын.