Ұлыбританияда «омикрон» штамының жаңа мутациясы анықталды
Ұлыбританияда «омикрон» штамының жаңа мутациясы анықталды
192
оқылды
Ұлыбританияда коронавирустың штамы "омикронның" жаңа ХЕ мутациясы анықталды. Жаңа түрі – BA.1 және BA.2 штамдарының мутациясы рекомбинантты деп аталады. Бұл туралы Қазақстанда COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram-каналы хабарлады.
Ұлыбританияда коронавирустың «омикрон» штамының жаңа мутацияланған түрі – ХЕ анықталды. Сарапшылардың пікірінше, ХЕ алдыңғы нұсқаларға қарағанда қаншалықты жұқпалы екендігі туралы қорытынды жасау әзірге ертерек. Ұлыбританияның Денсаулық сақтау агенттігі жаңа нұсқаны зерделеуде. Әзірге сарапшылар бұл мутацияны жұқтыру қарқыны «стелс-омикрон» немесе «омикрон» BA.2 түрінің таралуынан айтарлықтай ерекшеленбейтінін атап өтті. Алайда, соңғы зерттеулер бойынша XE-дің жұғу жылдамдығы «стелс-омикронға» қарағанда 9,8% жоғары.
3 сәуірде Шанхай билігі шамамен 26 миллион халқы бар қаланың барлық тұрғынын антиденелердің бар-жоғын тексеруге және анықталған оң нәтижелер туралы жедел хабарлауға міндеттеді. Дүйсенбіде азаматтар вирустың бар-жоқтығын анықтау үшін ПТР тестіні тапсыруы керек. Журналистердің айтуынша, қалада коронавирус инфекциясының көптеген жағдайлары симптомсыз болып табылады. Жалпы, континенталды Қытайда соңғы тәулікте COVID-19 жұқтырудың клиникалық белгілері бар 1506 және симптомсыз 11 781 дерегі анықталды. Барлығы да вирустың ел ішінде тараған жағдайлары.   ",2022-04-03 20:21:37"