Браконьерлерден заңсыз ауланған 26 құс тәркіленді.
Созақ ауданында полицейлер Охотзоопром өкілдерімен бірлесе отырып, Ақжар көлінің маңайында түнгі уақытта аңшылық құрып жүрген екі ер адамды ұстады. Ордабасы және Төлеби ауданының екі тұрғыны заңсыз қаз және үйрек аулаған.