Су тасқыны кезінде өлген малға өтемақы төлене ме?
Су тасқыны кезінде өлген малға өтемақы төлене ме?
Фото: mail.kz
278
оқылды
Қазақстанда күн күрт жылынып, өңірлерде су тасып жатыр. Көктемгі су тасқыны кезінде бірнеше облыста мал қырылды. Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев су тасқыны кезінде өлген малға өтемақы төлеу мәселесіне қатысты пікір білдірді.
«Қырылған мал санын жергілікті билікпен, тұрғындармен бірге анықтаймыз. Ал өтемақы есепте бар, сақтандырылған малға ғана төленеді. Себебі, тіркелмеген есепте жоқ малға өтемақы төлеу заңда қарастырылмаған», – деді Ербол Қарашөкеев.
Бұған дейін бірнеше өңірде су тасқыны қаупі әлі де сейілмегенін хабарлаған болатынбыз.