Ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Димаштың әніне биледі
Ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Димаштың әніне биледі
©kaztag.kz

Кеше, 3 сәуір күні Санкт-Петербургтегі «Юбилейный» спорт сарайында Илья Авербухтың «Ледниковый период. Чемпионы» атты мұзшоуы өтті. Аталған шоуда ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Евгения Медведева қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің орындауындағы «Your love» әніне өнер көрсетті.

Ресейлік мәнерлеп сырғанаушы, 2018 жылғы Олимпиада ойындарының екі дүркін күміс жүлдегері, екі дүркін әлем чемпионы Евгения Медведева өзінің өнерін қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің орындауындағы «Your love» композициясына орындап шықты. Мәнерлеп сырғанаушы Евгенияның өнерін көрермен жоғары бағалады. Тіпті, оның әрбір қимылы нәзік әрі әдемі әуенмен үйлесім тапты деген пікір қалдырды. Ал Димаш Құдайберген мәнерлеп сырғанаушының бір сәттік қысқа видеосын өзінің Instagram-дағы парақшасында жариялады. https://www.youtube.com/watch?v=zDjdO0a_Sos&feature=emb_title