Тергеудің заңсыз әдістерін қолданғаны үшін қылмыстық іс бойынша Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің сегіз қызметкері мен бір полицей ұсталды. Бұл туралы брифингте Бас прокуратураның бірінші қызмет басшысының орынбасары Елдос Қилымжанов хабарлады. – Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында заңның үстемдігі мен азаматтардың құқықтарын сақтауды қамтамасыз ету баса назарға алынған. Сондықтан қазір тергеу барысында заңға сәйкес емес әрекеттерді қолдану бойынша, яғни күдіктілерді азаптауға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізілуде. Атышулы он істі арнайы прокурорлар тергеп жатыр. Соның аясында тоғыз шенеунік, сегіз ҰҚК қызметкері мен бір полицей ұсталды, – деді ол. Оның айтуынша, әлеуметтiк желiлерде тергеу барысындағы азаптап-қинаған, заңсыз жүргізгені жайында жазылған күдіктілер қамауға алынған. – Қамаудағы адамдарға қатысты зорлық-зомбылыққа жол берілмейді. Тіпті, алдын алу шараларын жеңілдетіп жатырмыз. Прокурорлар ұсталған және жауапқа тартылған тұлғалардың туыстарымен кездесіп, олардың дәлелдерін тексеріп, тергеу амалдарын жүргізуде. Осыны ескере отырып, жолын кесу шараларын өзгерту туралы шешімдер қабылдануда, – деді спикер.