Тәртіпсіздікке қатысқан 62 адам түрлі жазаға тартылды - Бас прокуратура
Тәртіпсіздікке қатысқан 62 адам түрлі жазаға тартылды - Бас прокуратура
Фото: REUTERS
193
оқылды
Жедел-тергеу топтарының өндірісінде сотқа дейінгі 3 666 тергеу істері бар. Терроризм актілері мен жаппай тәртіпсіздіктер туралы істерден басқа, тонау, ұрлық, қаруды ұрлау, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қатысты күш қолдану фактілері тергелуде. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингінде ҚР БП 1 қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов мәлімдеді.
«Аталған санаттан 162 айыпталушыға қатысты 101 қылмыстық іс сотқа жолданды. 62 адамға түрлі жазалар кесілді. Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының үкімімен Б. Онтай және Жеңісхан Ө. «Алпамыс» аңшылық дүкенінен қару ұрлағаны үшін кінәлі деп танылды. Сот аталған адамдарға 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады», - деді спикер.