Түркістан облысында өртенген үйден екі баланың денесі табылды
Түркістан облысында өртенген үйден екі баланың денесі табылды
281
оқылды
Түркістан облысында жеке тұрғын үй өртеніп, 13 жастағы екі бала көз жұмды. Оқыс оқиға Сауран ауданы Бабайқорған ауылында болған. Ш.Қалдаяқов көшесінде орналасқан екі қабатты жеке тұрғын үй отқа оранып, 180 шаршы метр аумақ өртенді. Нәтижесінде үйдің бірінші қабатының төбесі опырылып түскен. Құтқарушылар оқиға орнынан 13 жасқа енді толған екі жасөспірімнің денесін алып шықты. Өртті сөндіруге төтенше жағдай департаментінің 24 қызметкері мен 7 техникасы, полиция департаментінің 9 қызметкері мен 3 техникасы жұмылдырылды.