Журналист Жайна Сламбекқызы жаңа қызметке тағайындалды  
Журналист Жайна Сламбекқызы жаңа қызметке тағайындалды  
Фото: khabar.kz
336
оқылды
Журналист Жайна Сламбекқызы «Хабар» арнасының директоры қызметіне тағайындалды. Бұл туралы «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы Берік Уәли Facebook-тағы парақшасында жазды. Жайна Сламбекқызы 1974 жылы 12 қарашада Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Қуаңдария ауылында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін аяқтаған. Еңбек жолын университет бітірген 1996 жылы жазда «Хабар» агенттігінде тілші болып бастаған. 2014 жылдың ақпанына дейін комментатор, атқарушы продюсер, тележүргізуші, ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясының директоры болып жұмыс істеді. 2014 жылдың ақпанынан 2019 жылдың шілдесіне дейін «Астана» телеарнасында «Біздің уақыт» ақпараттық-сараптамалық бағдарламасының авторы әрі жүргізушісі болды. 2019 жылдың тамызынан Qazaqstan ұлттық телеарнасында Apta бағдарламасының жетекшісі және жүргізушісі болды. Жайна Сламбекқызы – Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты (1999 ж). Отандық тележурналистиканың дамуына қосқан үлесі үшін Қазақстан Президенті сыйлығымен марапатталды (2019 ж), сонымен бірге «Тұмар» ұлттық телевизия сыйлығының иегері (2020 ж).