Маусым-шілде айларында зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері көбейеді
Маусым-шілде айларында зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері көбейеді
©www.inform.kz
503
оқылды
Биыл елімізде зейнетақы мен кейбір жәрдемақы түрлері тағы индекстеледі. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді.  – Негізінен, бұл зейнетақы мен кейбір жәрдемақылар. Шамамен 9 пайызға индекстеледі. Бюжет нақтыланып, мәжіліс пен сенаттың қарауынан өтеді. Кейін президент "республикалық бюджет туралы" заңға қол қояды. Одан кейін оны іске асыру жайлы қаулы қабылданады. Шамамен маусым-шілде айлары, – дейді Қуантыров. Айта кетсек, бұған дейін үкімет 2022 жылға арналған макроэкономикалық көрсеткіштер мен бюджеттік параметрлер болжамын нақтылаған болатын. Оған сәйкес, инфляция дәлізі 8-10 пайызға дейін көтерілді. Инфляция дәлізінің өзгеруіне байланысты әлеуметтік төлемдерді индекстеуге қосымша 110 миллиард теңге бөлінеді.