Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Жаңалықтар

Атырау облысы әкімінің экс-орынбасары 11 жылға сотталуы мүмкін

Атырау облысы әкімінің экс-орынбасары 11 жылға сотталуы мүмкін

Назгүл Ержанқызы Назгүл Ержанқызы
Сәуір 5, 2022
басқарма

©egemen.kz

1.5k
қаралым

Атырау облысы әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Нұрлан Таубаев пен құрылыс басқармасының экс-басшысы Тимур Басаровтың ісі бойынша сот тергеуі аяқталды. Оларға аса ірі мөлшерде пара алуға әрекеттенді деген айып тағылған еді. Бұл туралы «Ақ жайық» газетінде жарияланды.

Прокурор Нұржан Жангереевтің пікірінше, 2020 жылы жазда және күзде пандемия өршіп тұрған кезде Нұрлан Таубаев өзінің қызмет бабының арқасында жеке басын байытумен айналысқан. Ол айыпталушылардың кінәсі толық дәлелденді деп есептейді.

«Олардың жеке басы мен қылмыс жасағанға дейінгі және одан кейінгі мінез-құлқын ескере отырып, оларға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындау жөнінде қорытындыға келіп отырмын. Өйткені сотталушыларды қоғамнан оқшауламай түзеу мүмкін емес», – деді прокурор.

Мемлекеттік айыптаушы соттан Таубаевқа 11 жылға, Басаровқа 8 жыл 5 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды, сондай-ақ екеуін де өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айыруды сұраған.

Айта кетейік, Атырау облысы әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Нұрлан Таубаев пен құрылыс басқармасының экс-басшысы Тимур Басаров 2020 жылдың қыркүйек айында ұсталды. Олар бір топ адаммен алдын ала сөз байласу арқылы аса ірі көлемде 185 млн теңге сомасында пара алуға әрекет жасады деген күдікке ілінген болатын.

Тегтер: АтырауЖаңалықтарсот

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ауызбірлік пен патриотизм үшін керемет мотивация

Үйі жоқтың күйі жоқ екені рас

Президент Путинмен кездесті

Шымкентте көріпкел алаяқтар 4,5 млн теңгенің алтынын ұрлап кеткен

ШҚО-да мемлекетаралық іздеуде жүрген екі қылмыскер ұсталды

Қасым-Жомарт Тоқаев Путинмен кездесті

Каспий теңізіне үш адам батып кетті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru

Liter.kz - новости Казахстана

Яндекс.Метрика
  • AMANAT
  • Жазылу
  • Байланыс
  • Редакция
  • Жарнама

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»