Министрлік допинг анықталған ауыр атлеттен Олимпиада сыйақысын қайтарып алуы мүмкін
Министрлік допинг анықталған ауыр атлеттен Олимпиада сыйақысын қайтарып алуы мүмкін
Фото: baigenews.kz
276
оқылды
Допинг қолданған ауыр атлеттен Токио Олимпиадасының қола медалін тартып алуы мүмкін. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев айтты, – деп хабарлайды AstanaTV. Ауыр атлетика федерациясы ақпан-наурыз айларында Ұлттық допингке қарсы күрес орталығы жарыстан тыс допинг бақылау жүргізгенде Игорь Сонның тыйым салынған препаратты қолданғанын анықтады. Ол Олимпиадада орын алғаны үшін мемлекет тарапынан 75 000 АҚШ доллар көлемінде сыйақы алды. Енді допинг қолданған спортшылар жазасыз қалмайды.
Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев: «Оған берілген сыйақы бойынша біз заңға енді-енді ғана өзгеріс енгіздік. Мен қазір толық айта алмаймын. Бірақ сыйақыны қайтарып алатын шығармыз», – деді.
Бұған дейін "Даудың басы – допинг: сыйақының сұрауы бар ма?" деген мәселені жазған болатынбыз.