Тыржалаңаш ер адам әуежайдың қоршауынан асып түсіп, ұшақ ұшып-қонатын алаңға өтіп кеткен. Бұл туралы Казачков Telegram арнасында хабарлады. Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, 1997 жылы туған ер адам ішімдік ішкен. Әуежайдың Авиациялық қауіпсіздік қызметі «терминаторды» ұстап, Желілік полиция бөліміне тапсырды. «6 сәуірде сағат 00.10 шамасында ер адам шешініп, Алматы әуежайының қоршауынан өтіп, ұшу-қону алаңына қарай жүгірген. Оны Авиациялық қауіпсіздік қызметкерлері ұстады», – деді Көліктегі полиция басқармасының өкілі. Ақыл-есінен адасқан оған қатысты үш бірдей хаттама толтырылды. Ол енді қоғамдық орында ішімдік ішу, ұсақ бұзақылық, аэродром аумағында рұқсатсыз жүргені үшін жауапқа тартылады. «1997 жылы туған азаматқа қатысты үш әкімшілік хаттама толтырылды. Атап айтқанда, ҚР ӘҚБтК-ның 440-бабы «Алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға алкогольдік масаң күйде келу», 434-бабы «Ұсақ бұзақылық» және 564-бабы «Әуежайлардың аумағы арқылы тиісті рұқсатсыз өту», – деді департамент өкілі. *Ескерту! Видеода бейәдеп кадрлар бар. https://youtu.be/E1CCX5IGp_8 Telegram арнаның мәліметінше, ес-түсін білмейтін «терминатордың» аты-жөні Әлихан Лашынтай, Ақмола өңірінің тумасы. Тергеу жүргізіліп жатыр.