Зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері тағы да көбейеді

Зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері тағы да көбейеді

Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақыны инфляцияға сай индекстеу үшін қазынадан қосымша 111 миллиард теңге бөлінеді. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты. «Халықты әлеуметтік қамсыздандыруға 4 триллион теңге қарастырылған. Былтырмен салыстырғанда 230 миллиард теңгеге көп. Республикалық бюджеттік комиссия Үкіметпен бірлесіп, өте маңызды шешім қабылдады. Инфляция дәлізінің 8-10% деңгейінде өзгеруіне байланысты зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері тағы 4 пайыз индекстеледі. Барлық әлеуметтік төлемдер өткен жылмен салыстырғанда 9 пайыз, ал ынтымақты зейнетақы мөлшері 11 пайызға артады», – деді Ералы Тоғжанов. Осы мақсатқа бюджеттен қосымша 111 миллиард теңге қарастырылды.