Өңірлерге арзан жанармай жөнелтіп жатырмыз – Ауыл шаруашылығы министрі
Өңірлерге арзан жанармай жөнелтіп жатырмыз – Ауыл шаруашылығы министрі
Фото: tass.ru
Мәжіліс отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев көктемгі егіс науқанына дайындық туралы айтты. «Қазір егіс науқаны уақытылы іске асуы тиіс. Техниканың 98 пайызы дайын, егін егу басталғанда 100 пайызға жеткіземіз. Өңірлерге арзандатылған дизель отыны жөнелтіле бастады. Нарықтағы бағадан 12-15%-ға төмен. Жалпы, 400,2 мың тонна жанар-жағармай бөлінді. Өткен жылмен салыстырғанда 20 мың тоннаға көп. Ал аммиак селитрасының бағасы 200 мың теңгеден 160 мың теңгеге дейін төмендетілді», – деді Ербол Қарашөкеев. Күні кеше Тыңайтқыш бағасын күрт қымбаттатқан «Қазфосфатқа» қатысты тексеру басталғанын хабарлаған болатынбыз.