Шахматшы Бибісара Асаубаева Гиннестің рекордтар кітабына енді
Шахматшы Бибісара Асаубаева Гиннестің рекордтар кітабына енді
©вести.кз
Бибісара Асаубаева әйелдер арасында блиц бойынша әлем чемпионы атанған ең жас шахматшы әйел ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енді.  "Бұл жетістік 2021 жылы 30 желтоқсанда Польшада өткен блиц бойынша әлем чемпионатында шахматшының жеңісі үшін тіркелді. Рекорд орнату кезінде Бибісара 17 жас 307 күнге толған", – деп хабарланған Қазақстанның шахмат федерациясы. Айта кетсек, бұл Қазақстан үшін тарихи оқиға. Себебі Бибісара Асаубаева рекордтар кітабына енген алғашқы отандасымыз.