Нұр-Сұлтанда бір көліктен газ тапаншасы мен 12 мемлекеттік нөмір табылды
Нұр-Сұлтанда бір көліктен газ тапаншасы мен 12 мемлекеттік нөмір табылды
©www.inform.kz
190
оқылды
32 жастағы ер адам Toyota Camry маркалы көлікпен мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз қатты жылдамдықпен жүрген. Бұл туралы Нұр-Сұлтан ПД баспасөз қызметі хабарлады. Олардың мәліметінше, ер адам сағат 11:54-те Тұран даңғылы бойында ұсталды. Тексеру барысында одан есептен шығарылған 12 мемлекеттік нөмір, жиналмалы пышақ, газ тапаншасы және төрт оқ-дәрі табылды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 287-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды. Сараптама тағайындалды. Көлік коммуналдық тұраққа қойылды.