Иманбек Еуропа мен Америкада әлемдік тур өткізбекші
Иманбек Еуропа мен Америкада әлемдік тур өткізбекші
©.sputnik.kz
157
оқылды
"Грэмми" сыйлығының иегері саунд-продюсер Иманбек Зейкенов Rahmet World Tour атты әлемдік тур өткізетінін жариялады. Концерт Еуропа мен Америка қалаларында өтеді. Тіпті, музыкант алдағы концерттердің кестесін Instagram-парақшасында жариялады. – Ақыры "Рахмет" туры жарияланды. Күндерге назар аударыңыздар, – деп жазды Иманбек. Бірінші шоу биыл 8 сәуірде Нью-Йоркте өтеді. Әзірге 24 концерт туралы ақпарат жарияланды. Әлемдік тур 25 қыркүйекке дейін жалғасады. Осы уақыт ішінде ол Канада, Швеция, Норвегия, Италия, АҚШ, Латын Америкасы және басқа да елдерде өнер көрсетеді. Соңғы шоу Германияда өтеді, онда Иманбек Lollapalooza фестиваліне қатысады. Еске салайық, 21 жастағы Иманбек Зейкенов Grammy номинациясын жеңіп алған алғашқы қазақстандық атанған еді. Ол SAINt jhn-нің Roses композициясына ремикс жасағаны үшін үздік деп танылған.