Павлодарда фармацевт дәрілерді шатастырып жіберген. Салдарынан сәбиге антидепрессант беріп, уланып қалған. Бұл туралы Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі хабарлады. Сәбидің анасы Лермонтов көшесіндегі дәріханалардың біріне барған. Сол жерден 3 жасар баласына дәрігердің нұсқауымен дәрі сатып алған. Дәрі қабылдағаннан кейін сәби өзін нашар сезініп, құса бастайды. Әйел дереу жедел жәрдем шақырған. Анық болғандай, ауруханада бала антидепрессанттан уланған екен. Полицейлер анықтағандай, фармацевт қателесіп, әйелге басқа дәрі сатып жіберген. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 317-бабы – медицина немесе фармацевтика қызметкерінің кәсіби міндеттерін тиісінше орындамауы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.