Олимпиада жүлдегеріне продюсер көлік сыйлады
Олимпиада жүлдегеріне продюсер көлік сыйлады
©.tengrinews.kz
163
оқылды
"АльЗаБи" тобының продюсері Абай Малахов Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, дзюдошы Елдос Сметовке Lexus маркалы автокөлік сыйлады. Негізі Абай Малахов осыдан екі ай бұрын Сметовке уәде берген екен. "Барша әлемге аты шыққан, Қазақстанның көк туын желбіретіп жүрген Елдос Сметов ағамызға осыдан екі ай бұрын көлік сыйлаймын деп уәде берген болатынмын. Бүгін Елдос ағамыз Стамбұлдан Түркістанға арнайы ұшып келді", – деп бөлісті продюсер. Ол спортшыны күтіп алып, көлігін табыстады. "Құтты болсын! Бұдан да үлкен көліктер міне беріңіз, астыңызда тозсын", – деді Малахов.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от 𝗔𝗯𝗮𝘆 𝗠𝗮𝗹𝗮𝘅𝗼𝘃 (@abay_malaxov1)

Айта кетейік, бұл – Токио Олимпиадасынан кейін Елдос Сметовке сыйланған үшінші көлік. Токиодан оралған кезде әуежайда кәсіпкер Руслан Берденов спортшыға көлік мінгізді. Ал екінші темір тұлпарды Жамбыл облысының бұрынғы әкімі Бердібек Сапарбаев табыстаған.