Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы тағайындалды
Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы тағайындалды
Фото: primeminister.kz
379
оқылды
Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен Нұрқан Сәдуақасов Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды, – деп хабарлайды primeminister.kz. Нұрқан Сәдуақасов 1971 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. Қарағанды мемлекеттік медицина академиясын, Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1997 жылы Атбасар қаласында Атбасар аудандық СЭС санитарлық бөлімінің меңгерушісі болып бастады. 1999-2000 жылдары — Атбасар аудандық СЭС бас дәрігері. 2000 жылы Ақмола облысының СЭС бас дәрігерінің санитарлық мәселелер жөніндегі орынбасары қызметіне кірісті. 2001-2009 жылдары Көліктегі Ақмола аумақтық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау орталығының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің орынбасары қызметін атқарды. 2009-2014 жылдары — ҚР ДСМ Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті басқармасының басшысы, төрағасының орынбасары, бас мемлекеттік санитарлық дәрігер. 2014-2017 жылдары — ҚР ҰЭМ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің техникалық регламенттер талаптары мен санитариялық шаралардың сақталуын бақылау басқармасының басшысы. 2017-2019 жылдары ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы, Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді. 2019-2020 жылдары — ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары. 2020 жылдан бастап қазірге дейін — ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары.