Полиция кафеде оқ атқан ер адамды Алматыда ұстады, – деп жазады Polisia.kz. Жамбыл облысында полиция 25 ақпанда Тараздағы кафеде екі тұрғынға оқ атқан күдіктіні ұстады.
Қылмыстық кодекстің 24-бабы 3-бөлігі, 99-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыс жасады деген күдікті халықаралық іздеуде жүрген 36 жастағы Тараз қаласының тұрғыны Алматы қаласында ұсталды.Күдікті өз кінәсін мойындады. Ол Тараз қаласындағы тергеу изоляторына қамауға алынды. Тергеу жүргізіліп жатыр.