Алматыдағы бес адамның өлімі: Дужнов сот орындаушы, полицейлерді қалай атып өлтіргенін айтты
Алматыдағы бес адамның өлімі: Дужнов сот орындаушы, полицейлерді қалай атып өлтіргенін айтты
Фото: news.myseldon.com
188
оқылды
Былтыр Алматыда қарызы бар қала тұрғыны үйін босатуды талап етіп келген бес адамды атып тастады.   Ақбұлақ ықшамауданында бес адамның өліміне қатысты іс бойынша сот процесі жалғасып жатыр, – деп хабарлады Tengrinews.kz. Борышкер Дужновтың айтуынша, атыс болған күні оның анасы ауырып қалған. Сондықтан олар үйге жедел жәрдем шақырған. Осы сәтте үйдің жаңа қожайыны, сот орындаушысы мен полицейлер баса-көктеп кіріп келген. «Дәрігерлер кете бастағанда, сатып алушы (үйдің жаңа иесі), полицейлер, сот орындаушысы үйге баса-көктеп кіріп келді. Сатып алушы Тұрғанов дәрігерлерді итеріп жіберді. Осы кезде бұларға ешқандай заң жоқ екенін түсіндім. Біз оған дейін прокурор, қорғаншылық органдарын шақырып, үйден шығарушыға мән-жайды түсіндіргенбіз. Отбасымды көшеге лақтырып тастайтынын түсіндім. Заңсыз көшіруді тоқтатудың бірден-бір жолы  үйіме басып кіргендерге қарсылық көрсету еді. Қоймадағы қаруым мен 10 оқ-дәріні алып, ыңғайлы орынға бардым. «Бәрің қабырғаға тақалыңдар!» – деп бұйрық бердім. Бұл іске қатысы жоқ адамдарға шетке шығуға мүмкіндік бердім», –  деді Дужнов. Борышкер жауабында бес адамды қорқытқысы келгенін айтқан.
«Полицейлер маған да оқ жаудырып, өлтіреді деп күткен едім. Бірақ менен қорқатынын білдім. Бұларды атқаннан кейін көшедегі полицейлерді қорқыту үшін көлікке бір рет оқ аттым. Бірақ оларды өлтіру мақсатымда болмады. Тек оларды қорқытқым келді», – деді ол.
Сөзінің соңында Игорь Дужнов сотта өз кінәсін мойындамайтынын айтты. Өз құқын қорғау үшін күресетінін жеткізді.