Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Жаңалықтар

AMANAT партиясының TazaLike жобасы Шымкентте өткен эко-акциядан бастау алды

Нұрбек БАҚЫТ Нұрбек БАҚЫТ
Сәуір 8, 2022
AMANAT партиясының TazaLike жобасы Шымкентте өткен эко-акциядан бастау алды 1
791
қаралым

Шымкентте AMANAT партиясының атқарушы хатшысы Асхат Оралов медицина қызметкерлерімен, бастауыш партия ұйымдарының төрағаларымен, партияның қалалық активімен бірқатар кездесулер өткізді. Сондай-ақ ол қаладағы дендрологиялық саябақта жастар қанатының белсенділерімен бірге TazaLike жобасының алғашқы іс-шарасын өткізді.

Шымкент қаласында Асхат Оралов 1 наурызда өткен партия Съезінде жарияланған TazaLike партиялық жобасы аясындағы алғашқы экологиялық акцияға қатысты.

 

AMANAT партиясының TazaLike жобасы Шымкентте өткен эко-акциядан бастау алды 2

Іс-шараға 100-ден астам жас қатысып, олар Асанбай Асқаров атындағы қалалық дендросаябаққа 200-ден астам көшет отырғызды.

Партияның Атқарушы хатшысы бұл жобаның басты мақсаты – азаматтардың экологиялық мәдениетін арттыру, қоршаған ортаны таза ұстауды күнделікті өмір салтына айналдыру және ресурстарды үнемді пайдалану мәдениетін дамыту екенін атап өтті.

AMANAT партиясы кәсіби экологтарды, белсенділер мен еріктілерді жұмылдырып, жыл бойы түрлі  экологиялық акциялар өткізетін болады. Жаңа экологиялық жоба әрбір өңірде, әрбір аудан мен ауылда қолдау табатынына күмәніміз жоқ. Өйткені жерімізді таза ұстап, елімізді көркейту – басты міндеттеріміздің бірі», – деп атап өтті Асхат Оралов.

 

AMANAT партиясының TazaLike жобасы Шымкентте өткен эко-акциядан бастау алды 3

Сондай-ақ, партияның Атқарушы хатшысы қалалық Онкологиялық орталықта болды. Аталған орталықта AMANAT партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру аясында позитронды-эмиссиялық томография (ПЭТ) түсіруге арналған жабдық орнатылған.

Орталық ұжымымен кездесуде ұлт денсаулығы – AMANAT-тың басты басымдықтарының бірі екендігі айтылды. Еліміздегі 75 мыңға жуық медицина қызметкері – партия мүшелері. Бұл – аманаттықтардың жалпы санының шамамен 10% құрайды.

 

AMANAT партиясының TazaLike жобасы Шымкентте өткен эко-акциядан бастау алды 4

«ПЭТ зертханасы бұған дейін тек Алматы мен елордада болды. Енді Шымкенттің және оған жақын орналасқан облыстардың тұрғындары жолға уақыт пен қаражат шығындамай, заманауи жабдықта тегін тексеруден өте алады. Позитрондық-эмиссиялық томографияның бірегейлігі – ол онкологиялық өсіндерді ерте сатысында анықтауға және тиісінше тиімді ем жүргізуге мүмкіндік береді», – деді Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының басқарма төрайымы Диляра Қайдарова.

Сонымен қатар, Шымкентте қаладағы бастауыш партия ұйымдары төрағаларының жиналысы өтіп, онда жергілікті жерлерде партияның жаңа жобаларын сапалы жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Бүгінде қалада құрамында 31 мыңнан астам партия мүшесі бар 51 бастауыш партия ұйымы жұмыс істейді.

Осы күні Асхат Оралов Шымкенттің партия активімен де кездесіп, ел Президентінің Жолдауында жарияланған реформаларды сапалы жүзеге асыру үшін AMANAT партиясы модернизациясының басымдықтарын талқылады.

 

AMANAT партиясының TazaLike жобасы Шымкентте өткен эко-акциядан бастау алды 5

«Қаламызда жұмыс істемейтін, оқымайтын және жұмыс табуға талпынбайтын NEET санатындағы жастарының үлесі – 6,7%, яғни 15 мыңға жуық адам. АMANAT партиясының алдында осы санаттағы адамдарды әлеуметтендірудің тиімді шешімдерін әзірлеу бойынша қыруар жұмыс тұр», – деді кездесу барысында Шымкент қалалық Жастар ресурстық орталығының жетекшісі Мағжан Исахов.

 

Тегтер: «Аманат»TazaLikeЖаңалықтарШымкент

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Павлодарлық кейуана баласын полицияға берді

Ескі тариф бойынша утильалым төлегендердің қаражаты қайта есептеледі

Қарағанды ​​мен Теміртауда банк клиенттерін 40 миллион теңгеге алдағандар ұсталды

Жаңа вирустың кесірінен аралар жойылып барады

Елордада автобуста оқушы қызға тиіскен күдікті 10 тәулікке қамалды

Өз балаларына миллион теңгеден аса ақша қарыз болған ер адам ұсталды

Футболдан Амангелді Сейітханов турнирі мәресіне жетті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru

Liter.kz - новости Казахстана

Яндекс.Метрика
  • AMANAT
  • Жазылу
  • Байланыс
  • Редакция
  • Жарнама

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»