Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Саясат

Астана мемлекеттік қызмет хабы АҚШ-та панельдік сессия өткізді

Астана мемлекеттік қызмет хабы Америкалық мемлекеттік басқару қоғамымен ынтымақтастықты нығайтуда.

А.Ахметқазы А.Ахметқазы
Сәуір 8, 2022
Астана
156
қаралым

Астана мемлекеттік қызмет хабы (Хаб) АҚШ-та (Джексонвилл, Флорида) Американың мемлекеттік басқару қоғамының (ASPA) жыл сайынғы конференциясы аясында «Посткеңестік елдердегі мемлекеттік басқаруды трансформациялау: жаңа шындықтағы әртүрлілік» атты панельдік сессиясын өткізді.

Панельдік сессияcы ашылуында Хабтың Басқарушы комитеті төрағасы Әлихан Байменов «посткеңестік елдер ірі әлеуметтік, экономикалық және саяси реформалардың ұзақ жолынан өтті, олардың мемлекеттік басқару жүйелері айтарлықтай модернизацияланды» деп атап өтті. Алихан Байменов сондай-ақ аймақтағы трансформация және модернизация тәжірибесін зерттеу мен талдаудың жоқтығын атап өтті, сондықтан «осы процестерді практиктермен де, ғалымдармен де бірлесе зерттеу – Хаб басымдықтарының бірі» екенін айтты.

ASPA атқарушы директоры Уильям Шилдс «соңғы үш жылдағы оқиғалар кәсіби және жеке өмірде көптеген қиындықтар менмәселелер әкелді, бірақ сонымен бірге олар шынымен де Астана мемлекеттік қызмет хабы сияқты ұйым жұмысының маңыздылығына қатысты өзектілік сезімін тудырады» деп атап өтті. Ол ASPA-ның Хаб серіктестерінің бірі екендігін және қысқа уақыт ішінде, әсіресе қиын кезеңде айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізгендерін айтты.

АҚШ

Панельдік сессияның негізгі бөлігінде уәкілетті мемлекеттік органдар жетекшілері, Әзербайжан, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан және Латвияның ғалымдары мен практиктері өз елдерінің мемлекеттік басқаруды трансформациялау саласындағы тәжірибесі және алдағы бағдарларымен таныстырып, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру мемлекеттік басқарудың мүмкіндігі мен тиімділігі бойынша өз ұсыныстарын берді.

Ашық пікірталас барысында құрметті профессор және Ұлттық мемлекеттік басқару академиясының мүшесі доктор Честер А.Ньюланд, мемлекеттік қызметшілерді ынталандыру теориясының негізін қалаушы профессор Джеймс Л.Перри, Экономика орталығының бас кеңесшісі және тең құрылтайшысы доктор Кристин Лайтнер мен Қазақстандағы HR-менеджерлер қауымдастығының Үйлестіру кеңесінің президенті Гүлмира Раисова өздерінің кәсіби тәжірибесі мен білімі тұрғысынан аймақтағы мемлекеттік басқаруды дамыту және трансформациялау туралы ойлары мен көзқарастарымен бөлісті.

Панельдік сессия соңғы отыз жыл ішінде мемлекеттік қызметте қол жеткізілген жетістіктерді, сондай-ақ өтпелі кезеңдегі елдер тап болған қиындықтарды, мемлекеттік органдардың әлеуетін күшейту бойынша алынған сабақтар мен озық тәжірибелерді талқылау үшін академиялық орта өкілдері мен мемлекеттік басқару практиктерін басын қосты.

Оған қоса ASPA жыл сайынғы конференциясының халықаралық ассамблеясы барысында Әлихан Байменов пен Хабқа мемлекеттік басқару саласындағы арнайы марапат берілді.

Марапатты ASPA президенті доктор Алан Розенбаум, ASPA халықаралық директоры профессор Пан Сук Ким, ASPA іріктеу комиссиясының төрағасы профессор Джеймс Перри, ASPA атқарушы директоры Уильям Шилдс тапсырды.

Марапатты тапсыру кезінде профессор Перри ASPA халықаралық марапатты Алихан Бәйменов пен Астана мемлекеттік қызмет хабына халықаралық деңгейдегі мемлекеттік басқару зерттеулері мен ісіне деген адалдығы мен қызметі үшін тапсырылады деп атап өтті.

Байменов марапатты мемлекеттік басқару саласындағы ең танымал кәсіби қауымдастықтан алу мәртебе екенін және бұл марапат барлық қатысушы елдердің және серіктестер мен Хаб хатшылығының бірлескен жұмысының ортақ жетістігі екенін атап өтті.

Тегтер: АҚШАлихан БайменовАстана

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Адамның аузы бармайтын сөздерді айтып хайуан болды! – Дариға Бадықова

Біз ұялмаймыз!

Қазақпыз ба, мазақпыз ба?

Жұмбақ жігіт

Жоғалып кетіппін ғой...

Сабағыш сабаз

«Крыша» ма, крыса ма?

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru

Liter.kz - новости Казахстана

Яндекс.Метрика
  • AMANAT
  • Жазылу
  • Байланыс
  • Редакция
  • Жарнама

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»