Жалпы, мереке қарсаңында 3 398 адам әлеуметтік төлем алды.
Астанада Жеңіс күніне орай ардагерлерге әлеуметтік төлем берілді
141
оқылды

Астанада 9 мамыр – Жеңіс күніне орай ардагерлерге дәстүрлі біржолғы әлеуметтік төлемдер берілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Қала мәслихаты бекіткен қағидаға сәйкес, ҰОС ардагеріне 5 миллион теңге төленді. Сондай-ақ жеңілдіктер бойынша теңестірілген ардагерлерге және басқа санаттағы азаматтарға 15-тен 45 айлық есептік көрсеткішке дейін (64 875–194 625 теңге) біржолғы көмек көрсетілді.

Жалпы, мереке қарсаңында 3398 адам әлеуметтік төлем алды.

Бұдан бөлек, ардагерлерге жергілікті бюджет есебінен коммуналдық төлемдерге өтемақы, тегін дәрі-дәрмек, қоғамдық көлікте жеңілдік және санаторлық-курорттық емделу сияқты қолдау шаралары қарастырылған.