Қостанай облысындағы колония 4,6 миллион теңгеге сатылды

Қостанай облысындағы колония 4,6 миллион теңгеге сатылды

Құсмұрын орташа қауіпсіздік колониясы жылдың наурыз айында сатылымға шығарылған. Түрменің аумағында 24 ғимарат бар. Олар шамамен 249 миллион теңгеге бағаланды. Бірақ соған қарамастан, оны сатып алғысы келетіндер табылмады. – Ереже бойынша түрмеге ең төменгі баға белгіленбеді. 12 000 шаршы метр аумағы бар ғимарат бір теңгеге де сатылып кетуі мүмкін еді. Ақырында біреулер колонияға 4 670 000 теңге ақша төлеп, сатып алды, – дейді бағалаушы компанияның директоры Владимир Шевченко. Оның айтуынша, бұдан қандай пайда табуға болатынын да білмейді. Мысалы, мұражай жасау да тиімсіз. Ол жерде халық аз, сондықтан келушілер де болмайды. Ал бұзып, жаңасын салу тағы тиімсіз. – Құрылыс материалдары етіп өткізіп, бөлшектеп сатпасақ. Басқа пайда жоқ, – дейді Шевченко. Бұрынғы колония аумағында әкімшілік блок, казарма, мектеп, монша, асханалар бар. Олар кімнің иелігінде екені белгісіз. Сондықтан жердің ақысын бөлек төлеуі керек. Түрменің орнына не болатынын да ешкім білмейді. Енді Құсмұрын аймағы теңгерімге өткенде ғана жауабын біле аламыз. Құсмұрын ауылындағы 161/4 колония 1959 жылы жұмысын бастаған. Алғашында қауіпсіздік режимі жоғары түзеу-еңбек колониясы ретінде пайдаланылған. Кейін 1998 жылы жалпы режимдегі колония болып құрылды. Түрмеде 400 ғана тұтқын еді. Олар көрші аймақтарға ауыстырылды. Қостанай облысында бес түрме бар. Қызметкерлер де сонда ауыстырылды.