Украина-Ресей қарулы қақтығысындағы НАТО-ның рөлі қандай?
Украина-Ресей қарулы қақтығысындағы НАТО-ның рөлі қандай?
Фото: GETTY IMAGES
460
оқылды
Ресей мен Украина арасындағы қарулы қақтығыс басталғалы бері украиналықтар НАТО-дан жиі көмек сұрай бастады. Сәйкесінше НАТО-ға мүше елдер Украинаны Ресей шабуылынан қорғау мақсатында қыруар қаржы бөліп, көп мөлшерде қару-жарақ және техникамен қамтамасыз етуде. НАТО қандай ұйым? НАТО (North Atlantic Treaty Organization) – Солтүстік Атлантикалық Шарт Ұйымы – 1949 жылы АҚШ, Канада, Ұлыбритания және Франция мемлекеттерінің бастамасымен құрылған әскери одақ. Алғашқыда одақ құрамында 12 мемлекет болды. Құрылғандағы негізгі мақсаты Ресейдің Еуропа аумағында үстемдік жүргізуіне қарсы тұру болды. Бұған жауап ретінде кеңестік Ресей Варшава келісімі деп аталатын Шығыс Еуропа коммунистік елдерінің жеке әскери одағын құрды. 1991 жылы Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін Варшава келісімінің құрамында болған бірнеше мемлекет НАТО-ға қосылды. Қазір ұйымның құрамында 30 мемлекет бар. Әрбір мүше мемлекетке қандай да бір қарулы шабуыл жасалған жағдайда бір-біріне көмекке келуге міндетті. Неге НАТО Украинаға әскерін енгізбейді? Украина НАТО-ның мүшесі болмағандықтан, әскери одақ Украинаға көмек беруге міндетті емес. НАТО-ға мүше елдер Украинадағы қақтығыста ресейлік әскерге қарсы тұру Ресей мен Батыс арасындағы ірі шиеленіске әкелуі мүмкін деп күдіктенеді. НАТО құрамындағы мемлекеттер Украинаны қолдау үшін қолдан келгеннің бәрін жасағысы келетінін, бірақ қарулы қақтығыс Украина аумағынан тыс шығып кетпеуі одан да маңызды екенін айтты. Сондықтан да НАТО Украинаның әуе кеңістігін қорғаудан бас тартқан болатын. Алайда одақ Словакия, Венгрия, Болгария және Румынияға төрт жаңа әскер тобын жіберуге келісті. Аталған мемлекеттердің үшеуі Украинамен шектеседі, ал бұл өз кезегінде НАТО-ның аймақтағы жағдайға қатысу деңгейін екі есе арттырады деуге болады. Неліктен Украина НАТО-ға мүше емес? НАТО Украинаға 2008 жылы мүше болу туралы ұсыныс жасады. Бірақ Украина ұйымға мүше болу туралы 2014 жылы Ресей Қырымды аннексиялағаннан кейін ғана ойлана бастады. Алайда бұған Ресей қарсылық танытты. Сол уақыттағы шиеленіс кезінде Ресей – НАТО ешқашан Украинаны өз құрамына қабылдамауы керек деген талап қойды. Алайда одақ бұл талапты мақұлдамады. Ресей НАТО Шығыс Еуропадан жаңа мүше мемлекеттерді қабылдау арқылы өз аумағына басып кіреді деп қауіптенді. Сондықтан да Украинаның НАТО-ға кіруіне барынша кедергі келтіруге тырысып келеді. «Украина НАТО-ға мүше емес. Біз бұған түсіністікпен қараймыз» – деді Зеленский. Ол  осы сөзімен дәл қазір Украинаның НАТО құрамына ене алмайтынын мойындады. НАТО Украинаны қандай қару-жарақтармен қамтамасыз етті? Брюссельдегі НАТО-ның кездесуі қарсаңында Ұлыбритания Украинаға 6 мың жаңа қорғаныс зымыранын жіберетінін және 25 млн фунт стерлинг көлемінде Украинаның Қарулы Күштеріне көмек көрсететінін айтты. Ұлыбритания бүгінге дейін Украинаға 4 мыңнан астам танкке қарсы NLAW зымырандарын жеткізді. Сонымен қатар бірнеше Starstreak зымырандарын да жіберген. [caption id="attachment_191224" align="alignnone" width="1200"]Украина Фото: GETTY IMAGES[/caption] Одан бөлек сарбаздарды оқ өткізбейтін кеудеше, дулыға және етікпен қамтамасыз еткен. Ал АҚШ алдымен құны 200 млн АҚШ доллары болатын, кейін тағы 350 млн АҚШ долларын құрайтын қару-жарақ жіберген. Олардың қатарына Javelin зымырандары, Stinger зениттік зымырандары және оқ өткізбейтін киімдер кірді. Шиеленіс басталғалы АҚШ 1 млрд  АҚШ доллары көлемінде қауіпсіздік көмек пакетін ұсынған. Оның ішіне күрделі қашықтыққа арналған танкке қарсы қару Switchblade дрондары кіреді. Сонымен қатар Чехия да жалпы мөлшері 45 млн АҚШ доллары болатын қару-жарақ жеткізді.  Оның ішінде танктер мен жаяу әскерге арналған әскери көліктер бар. Еуропалық одақ Украинаға қару-жарақ жеткізуді қаржыландыруға 450 млн еуро жұмсайтынын мәлімдеді. Айта кетерлігі одақ бұрын-соңды қару-жарақ жеткізу мақсатында ешкімге көмек көрсетпеген. Германия жауынгерлік іс-қимыл жүріп жатқан аймаққа қару тасымалдамау туралы ұстанымынан бас тартты. Осылайша Украинаға ондаған жаяу әскерге арналған көлік жібереді. Нидерланды, Бельгия, Польша, Эстония, Латвия және Словакия әскери техникадан бөлек оқ-дәрілер, отын мен азық-түлік жіберген. НАТО-ның Шығыс Еуропада қанша әскері бар? НАТО әскерлері солтүстігінде Балтық елдері республикаларынан басталып оңтүстігі Румынияға дейінгі аралықта орналасқан. Олар онда 2014 жылы, Ресей Қырымды аннексиялағаннан кейін орналастырылып, Ресей шабуыл жасаған жағдайда жедел әрекет етуге міндеттелді. НАТО өзінің 40 мың әскери күшін Ресей және Украинамен шекаралас Шығыс Еуропа елдеріне орналастырған. Оның құрамында жоғары жауынгерлік дайындықтан өткен 100 жауынгер және 120 кеме, солтүстіктен Шығыс Жерорта теңізіне дейінгі аралықты күзететін үш авиатасымалдаушы топ бар.