Бірде-бір қазақстандық бала мемлекет назарынан тыс қалмауы тиіс
Бірде-бір қазақстандық бала мемлекет назарынан тыс қалмауы тиіс
466
оқылды
2 сәуірде жыл сайын Дүниежүзілік аутизм мәселесі туралы ақпарат тарату күні атап өтіледі. ҚР Білім және ғылым министрі әлеуметтік желідегі жазбасында егер 2003 жылы Қазақстанда аутизм спектрінің бұзылуы бар 77 бала ғана тіркелген болса, бүгінде бұл сан 9 мыңға жеткенін атап өтті. Өкінішке орай, жыл сайын мұндай балалардың саны әлемнің көптеген елдерінде артып келеді. Бұл сандар балалардың денсаулық жағдайындағы өзгерістер туралы, сондай-ақ біздің азаматтарымыздың осы өзекті проблема туралы көбірек хабардар бола бастағанын айғақтайды. Әрине, қоғам бұған әрекет етеді: диагностика және тіркеу жүргізіледі, белгілі бір инфрақұрылым жасалады, балалар мен олардың отбасыларына көмек көрсетіледі. Алайда, бұл жұмыс жеткіліксіз. Еліміздің жетекші педагогикалық жоғары оқу орны бұл мәселені шешуде шет қалмайды: біз ерекше балалардың барлық құрдастары сияқты сапалы білім алуға құқығы болуы тиіс екенін жақсы түсінеміз. Жақында біз ҚР БҒМ Әлеуметтік оңалтудың ғылыми-практикалық орталығымен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойдық. Мен Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры ретінде осы және басқа да осыған ұқсас шаралар туралы әлеуметтік желідегі парақшамда жазбаларымды жариялаған болатынмын. Бұл жерде мәселе университеттің пиарында емес, қоғам бірде-бір бала мемлекеттің назарынан тыс қалмайтынын білуі керек және педагогикалық жоғары оқу орындары бұл процеске барынша көмектесуі керек. Аутизм және басқа да психикалық ауытқулары бар балаларды диагностикалау мен оңалтудың заманауи тәсілдері білім беру мекемелерінің тығыз өзара іс-қимылын талап етеді. Олардың басты мақсаты – әрбір баланың қоғамның толыққанды мүшесі болуына көмектесу. Отбасының, мектептің, бүкіл қоғамның міндеті - ерекше балалардың белсенді өмір сүруіне және сыртқы әлеммен қарым-қатынасына жағдай жасау. Бұл оңай шаруа емес, ол үшін отбасының, ұстаздар мен мамандардың бірлескен күші қажет. Ал мұндай балалармен жұмысты неғұрлым ерте бастаса, нәтиже соғұрлым тиімді болады. Жақында Абай университеті QS Stars халықаралық рейтингінің «Инклюзивтілік» санатында 5 жұлдызға ие болды. Бізде мүмкіндігі шектеулі студенттерге инклюзивті білім беруді психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді қамтамасыз ету және балалар, жасөспірімдер мен жастар арасында суицидтің алдын алу бойынша консультациялық-практикалық қолдау орталығы жұмыс істейді. Сондай-ақ, Ғылыми кітапханамызда арнайы жағдай жасалған, сабақ өтетін орындар қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған. Университетіміздің базасында «Педагогика ғылымдары» білім беру саласындағы республикалық оқу-әдістемелік бірлестігі жұмыс істейді, ол сондай-ақ арнайы педагогтарды даярлау үшін әдістемені әзірлеуге ерекше көңіл бөледі. Осылайша, толығымен осы мәселеге арналған кездесулер мен форсайт-сессиялары өткізілді, «Арнайы педагог» және «Педагог-психолог» мамандықтары бойынша жаңа карталар, сондай-ақ ЖОО-да инклюзивті ортаны құру бойынша әдістемелік ұсыныстар оқу құралы әзірленді. Халықаралық рейтингтегі 5 жұлдыз марапатын ие болғанымыз біз үшін үлкен қуаныш, бірақ біз мұнымен тоқтап қалмаймыз. Осылайша, Дүниежүзілік аутизм мәселесі туралы ақпарат тарату күні қарсаңында Әлеуметтік оңалтуды дамытудың ғылыми-практикалық орталығымен қол қойылған Меморандум бірлескен жұмыстың жаңа перспективаларын ашады. Біз әріптестерімізбен аутистік спектрдің аурулары бар мүмкіндіктері шектеулі балаларға көмек көрсету жүйесін дамыту, авторлық білім беру курстарын құру және оларды жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламасына енгізу, сондай-ақ аутизмі бар баланы тәрбиелеп отырған мұғалімдер мен ата-аналар үшін ұсынымдар дайындау жөніндегі өзекті мәселелерді талқыладық. Ол үшін біз үздік әлемдік тәжірибені зерделеуге, мамандарымыздың біліктілігін арттыру үшін сарапшыларды тартуға дайынбыз. Жалпы, аутистік спектрдің аурулары бар балалардың білім алуы мен әлеуметтік интеграциясы мәселесіне көбірек көңіл бөлу үрдісін атап өткім келеді. Қайталап айтамын: бұл міндетті әлеуметтік институттардың, медициналық мекемелердің, білім беру ұйымдарының,  әрбір азамат пен ата-ананың бірлескен күш-жігерімен ғана жеңуге болады.

Дархан Біләлов, Абай атындағы ҚазҰПУ Басқарма төрағасы-ректор