Аустралияға жол берді
Аустралияға жол берді
284
оқылды
Нью-Дели (Үндістан) қаласында өтіп жатқан Juniors Billie Jean King Cup іріктеу сайыстарының ширек финалында Қазақстан жасөспірім қыздар құрамасы Аустралиямен кездесті. Айя Нұпбай мен Асылжан Арыстанбекова жекелей сында қарсыластарынан жеңіліп қалды. Жұптық сында аустралиялықтар бәсекені жалғастырудан бас тартты. Соған қарамастан олар 2:1 есебімен жеңіске жетті. Енді Қазақстан жасөспірім қыздар құрамасы Өзбекстан құрама командасымен бесінші орын үшін кортқа шығады. Еске сала кетейік, алдағы дүйсенбіде Нью-Делиде 16 жасқа дейінгілер арасында Дэвис кубогының іріктеу сайыстары басталады. Қазақстан намысын Данир Қалдыбеков, Әмір Оралханов және Виталий Зацепин қорғайды. Команда капитаны ретінде Жансұлтан Чемботаев құрама ойыншыларын жарысқа бастап шығады.

Әбілмансұр ЖАСАН