Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Әлеумет

Сауда көрігін қыздырар күн қайда?

Роза ШӘКЕН Роза ШӘКЕН
Сәуір 9, 2022
сауда
39
қаралым

Солтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлері Magnum сауда желісінің өкілдеріне өкпе-ренішін білдірді. Олардың айтуынша, сауда желісі жергілікті тауар өндірушілердің тауарын сатуға құлықсыз.

Былтырғы жылдың соңында Maqnum сауда желісі Солтүс­тік Қазақстан облысына енген болатын. Содан бері жергілікті тауар өндірушілердің оларға өкпе-назы жетерлік. Тауар жеткізіп беру­шілер мұнда әкімшілендіру жұмысы және кері байланыс дұрыс жолға қойылмағанына наразы. Солтүстік Қазақстан об­лыс­тық кәсіпкерлер палатасы жа­нын­дағы Өңірлік кеңестің агроөнеркәсіп кешені комитеті отырысына шақырыл­ған ет және сүт ұқсатушылар сауда желісінің өкіліне барлық арыз-шағымын жеткізді. Олардың айтуынша, Maqnum дүкендеріне кіріп барғанда бірден өзге елдерде өндірілген тауарлар көзге ұрады. Ең қолайлы сөрелер соларға бөлінген.

Оның үстіне, сауда желісі жергілікті тауар түрлерін қабылдауды тым шектеп тастаған. Мәселен, «Казмясопродукт» ЖШС директорының орынбасары Татьяна Куликова сауда желісінің дүкендері бұған дейін сатуға алып жүрген көптеген тауардан бас тартқан. «Біздің ассортиментті айтарлықтай қысқартып тастады. Бұрындары сауда желісінің кейбір дүкендері біздің тауардың 50 түрін алып келсе, қазір төртеуін ғана қалдырды, 17 түрлі шұжық алып келген дүкендер де төртеуге дейін азайтты. Оның өзі онша өтімді емес тауарлар. Мұның себебін ешкім түсіндірмейді. Мүмкін бұл қайта құру­ға байланысты шығар? Бұрын біздің ассортимент сирек қысқартылатын. Тым болмаса басқаша келісімге келетінбіз. Мысалы, тауарды алмастырып беретінбіз немесе басқа сауда нүктесіне тапсыратынбыз. Қазір қиындап кетті», – дейді Татьяна Куликова.

Өзге кәсіпкерлер де оның сөзін қолдады. Олардың айтуынша, Maqnum сауда желісі ең арзан тауарды ғана алуға тырысады. «Қымбат тауарлар сөрелерден алынып тасталды. Тауардың 90 пайызы ең арзаны. Супермаркет кәдімгі базарға айналып бара жатыр», – дейді олар.

Татьяна Куликованың айтуынша, кәсіпорынның барлық дерлік тауары өтімді, сатылмай қалған тауарды кері қабылдаған кезі болмапты. «Казмясопродукт» ЖШС-ның шұжығы 900 келіден сатылған кездер болыпты. «Мәселен, «Омский бекон» өнімінің 200 келісі сатылса, біз­дікі тонналап сатылатын», – деп салыстырды директордың орынбасары. Оның түсіндіруінше, кәсіпорын сатылымы нашар, яғни 500 келіден аз сатылатын тауар­ды өндіруді тоқтатып, оның орнына басқасын шығарады екен.

Сүт өндірушілер де өнімдерінің сапасы жақсы екенін, табиғи шикі сүттен ғана өндірілетінін алға тартты. Кәсіпкерлер бұған дейін жұмыстарына пандемия салқынын тигізсе, енді облыс аумағында өнімдерін сату қиындығы туындағанын айтып шағымданды. Соған қарамастан жұмысшыларға еңбекақы төлеу қажет.

Maqnum сауда желісінің өңірлік директоры Семен Тишковец мұның себебін қазір құжат алмасуды қағаз жүзінен электронды форматқа ауыстырып жатқанымен түсіндірді. Содан соң бұрынғы сатып алу көлемі қайта қалпына келтірілетінін айтып сендірді. Сауда желісінің саясаты отандық өндірушілерді қолдауға бағытталғанына тоқталды. Сондай-ақ ол жергілікті шұжықтардың бағасы Беларусь пен Ресейде өндірілген тауармен бәсекеге қаншалықты қабілеттілігі туралы сұрап білді. Бұл сұраққа жауап берген «Казмясопродукт» ЖШС директорының орынбасары Татьяна Куликова өз өнімдері Беларусьтікінен әлдеқайда арзан болғанымен, өкінішке қарай баға жағынан ресейлік өніммен бәсекеге түсе алмайтынын айтып тү­сін­дірді.

«Ең алдымен ресейлік шұ­жықтардың көбі еттен емес, тауықтың терісі мен тартылған ет жасалатынына назар аудару керек. Сондықтан оның бағасы 1 200 теңге, ал біздікі – 1 800-2 200 теңге. Ал сапасы жағынан біздікіне ұқсайтындары, мәселен «Омский бе­кон» АҚ өнімдері, қымбатырақ», – деп тү­сіндірді тауар өндіруші.

ҚОРДАЛАНҒАН МӘСЕЛЕ КӨП

Қордаланған мәселелерді тал­қылау барысында тауар қабылдаумен айналысатын қызметшілердің дөрекілігіне қатысты ша­ғымдар да айтылды. Сондай-ақ сауда желісіне тапсырыс берген кезде қызметшілермен көзбе-көз әңгімелесу мүмкін емес екен, бәрі автоматтандырылған. Бір сұраққа жауап алу үшін электронды поштаға хат жазу керек, берілген тапсырысты да тек компьютер арқылы ғана бақылай алады. Ал шұғыл шешуді қажет ететін сұрақ­тар пайда бола қалса, сауда желісіне қоңырау шалу мүмкін емес. Автоматтандырылған бағдарлама тиісінше жетілдірілмегендіктен, кейде қателіктер жібереді, мәселен тауарларды шатастырады, есеп­­шілер қарап үлгермейді, кейін төлемге келген кезде түсініс­пе­у­шіліктер болады. Сонымен қатар бұрынғы тауар әлі сатылмаса да, жаңадан тапсырыс беру жиі кездеседі екен. Кейде жеткізіп берген тауар сөрелерге қойылмай, 2-3 күндеп қоймада жатып қалатыны тағы бар. Содан пайдалану мерзімі өтіп кетіп, өндіруші қап-қап өнімін алып кетуге мәжбүр.

«Қаңтар айынан бері жұмыс бірізге қойылмай келеді, нақты алгоритм жоқ. Бұлайша жұмыс істеу мүмкін емес», – деп наразылығын білдірді кәсіпкерлер. Олар өңір тұрғындарына қолжетімді бағамен жергілікті тауар ұсынғысы келгенімен, Петропавлда сауда нүктелері жоқ екенін айтады. Дистрибьюторлар да тауарға 20-25 пайыз өсімақы қосуға мәжбүр болғанымен, Maqnum ғана пайда көріп жат­қанын айтып, сондықтан әр тауарға қатысты сараланған тәсіл енгізу қажет деген ұсыныс білдірді.

Солтүстік Қазақстан облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Жеңіс Қазиев бар­лық арыз-шағымды сауда же­лі­сінің басшылығына жеткізеті­нін, ымыраға келу үшін өз алаңын ұсынуға әрдайым дайын екенін айтты. Сауда желісінің өкілі де осын­дай кездесулерді жиі өткізіп тұру керек деген ұсынысын білдірді.

Солтүстік Қазақстан облысы

Тегтер: Magnumсаудасауда желісіСолтүстік Қазақстан
Реклама на Aikyn.kz

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлем чемпионатында жүлделі орын алған боксшыларымыз қанша сыйақы алады?

Атырауда көпірден сүйек қалдықтарын лақтырған ер адам видеоға түсіп қалды

Сарқанда бес жасар баланың мүрдесі қоқыста үш ай бойы жатқан

Қазақстанда темекі бағасы бірден  қымбаттауы мүмкін

Алуа Балқыбекова әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Жеңілдетілген автонесие бойынша тағы бір банк өтінім қабылдауды бастады

Қостанайда жанып жатқан көліктен ер адамды құтқарған сәт видеоға түсіп қалды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
Реклама на Aikyn.kz
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru

Liter.kz - новости Казахстана

Яндекс.Метрика
  • AMANAT
  • Жазылу
  • Байланыс
  • Редакция
  • Жарнама

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»