Жапонияда Геннадий Головкиннің Муратаға шапан жапқаны қызу талқыланып жатыр. nikkansports.com сайты осы тақырыпта мақала жариялады. «Кімге көңілің толса, соған сыйла» деген тақырыппен берілген материалда қазақстандық боксшы Головкиннің өз шапанын қарсыласына жабу себебін боксшының сөзімен түсіндірген:
«Мурата жүзі жылы, жымиып жүреді. Оған деген жақындықты сезіндім және оны қатты құрметтеймін. Оны керемет чемпион деп есептеймін. Шапан – қазақтың ұлттық киімі. Оны ең құрметті адамға жабатын дәстүр бар. Сол себепті оны Муратаға жаптым», - деді Геннадий Головкин.
Басылым Головкин өз шапанын бірінші рет қарсыласына сыйлады деген дерек келтірген.