Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық полиция бөлімінің полицейлері осы жылдың қаңтар айының басында із-түзсіз жоғалып кеткен 40 жастағы Ольга Р.-ның денесі табылуына байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр, деп хабарлады yk-news.kz порталы.
"3 қаңтарда Глубокое аудандық полиция бөлімінің "102" арнасына 1 қаңтар күні сағат 14:00 шамасында 1982 жылы туған Р.О.-ның үйден шығып кетіп, қайтып оралмағаны туралы өтініш келіп түсті. Бұл факт белгіленген тәртіпте тіркелді, іздеуге жеке құрам жұмылдырылды", - деп хабарлады облыстық полицияның баспасөз қызметі.
Әйелдің денесі үш ай төрт күннен кейін табылды. Эксперт-криминалистердің берген мәліметіне сәйкес, марқұмның денесінен жарақат табылмаған.