Жалған төлқұжатты 10 мың долларға сатып алған шетелдіктер ұсталды
Жалған төлқұжатты 10 мың долларға сатып алған шетелдіктер ұсталды
Фото: turkistanzaman.kz
171
оқылды
Биыл 6 сәуірде Алматы қаласының әуежайында паспорттық бақылаудан өту кезінде жалған құжаттар ұсынған Орталық Азия елдерінің 4 азаматы ұсталды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлады. Шетелдіктердің жүгін тексеру кезінде олардың өздеріне тиесілі паспорттары табылды. Алдын ала деректер бойынша, олар жалған құжаттарды Қазақстан Республикасы арқылы транзитпен өту үшін сатып алған. Бір жалған төлқұжаттың құны 10 мың АҚШ долларын құраған. Жалған құжаттар тәркіленді. Оларды елден депортациялау мәселесі шешіліп жатыр.