Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Жаңалықтар

Тамара Дүйсенова қайта министр болып тағайындалды

Нұрбек БАҚЫТ Нұрбек БАҚЫТ
Сәуір 11, 2022
Фото: mail.kz

Фото: mail.kz

6.6k
қаралым

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Тамара Дүйсенованы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі етіп тағайындады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

«Тамара Босымбекқызы Дүйсенова Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылсын» делінген хабарламада.

Тамара Дүйсенова қазіргі Түркістан облысында туған.

1987 жылы Ташкент халық шаруашылығы институтын бітірді. Мамандығы – инженер-экономист, экономика ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын 1988 жылы институтты аяқтағаннан кейін Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданындағы орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі қызметінен бастады.

1988-1992 жылдары Өзбек ССР-нің Мемлекеттік жоспарлау комитетінің Экономика ғылыми зерттеу институтының экономисі болып жұмыс істеді;

1992-1993 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш аудандық әкімшілігінің аға экономисі;

1993-1994 жылдары – «Перизат-холдинг» компаниясының бөлім басшысы;

1994-1997 жылдары – Сарыағаш ауданы әкімінің кеңесшісі, орынбасары, бірінші орынбасары;

1997-1999 жылдары – Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары;

1999- 2002 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары;

2002-2006 жылдары – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің вице-министрі;

2006-2008 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары;

2008-2013 жылдары Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы; Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі (02.2013-06.2013);

2013-2014 жылдары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі;

2014-2017 жылдары – ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі;

2017-2018 жылдары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі;

2018-2019 жылдары – «Nur Otan» париясының хатшысы.

«Құрмет» орденімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005) медальдарымен марапатталған.

Тегтер: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министріЖаңалықтарТамара Дүйсенова

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жәнібек Әлімханұлының кәсіпқой бокста қанша табыс тапқаны белігілі болды

26 мамырға арналған доллардың ресми бағамы белгіленді

Алматыда «Вендік бал» форматында соңғы қоңырау өтті

Маңғыстауда жол апатынан жеті мектеп түлегі зардап шекті

Ақтау көшелерінде тәртіп бұзған түлектер видеоға түсіп қалды

Қызылордада аудит қызметкерлері бухгалтерлерді пайдаланылған заттарды сатуға мәжбүрлеген

Жастар – өзгерісті қолдайды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru

Liter.kz - новости Казахстана

Яндекс.Метрика
  • AMANAT
  • Жазылу
  • Байланыс
  • Редакция
  • Жарнама

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»