Күдіктілерге халықаралық іздеу жарияланды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жалғасып жатыр.
Шымкенттен шетелге 227 миллион теңгенің алтынын алып өтпек болған
фото: www.istockphoto.com
125
оқылды

Шымкентте құны 227,8 миллион теңге болатын 2,8 келіге жуық алтынды шекарадан алып өтпек болған, –  деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Бас көлік прокуратурасының мәліметінше, бағалы металл сот үкімі шыққанға дейін мемлекет пайдасына тәркіленді.

Өзбекстан азаматтары бағалы металды Шымкент әуежайы арқылы Түркияға заңсыз алып кетпек болған.

"Сот үкімі шыққанға дейін құны 227,8 млн теңге болатын 2,8 келіге жуық алтын мемлекет пайдасына тәркіленді. Бұл шешім Бас көлік прокуратурасының өтінішхаттары негізінде қабылданды. Алтынды кедендік бақылаудан жасыру үшін оның бөлшектерін шабадандардың ішкі астарына және жүк қаптамаларына жаққан", – дейді прокурорлар.