Елдегі астық өңдеушілер бидай тапшылығын сезіне бастады. Шикізаттың болмауынан кейбір кәсіпорын жабылып қалған. Кейбіріндегі астық қоры 1-2 айға ғана жетеді. Қазір Павлодардағы диірмендердің барлығы жұмысын тоқтатты. Қостанайлық астық өндірушілердің 50 пайызы ғана ұн шығарып жатыр. Қалғаны бидайсыз отыр. Мәселе бүгін кәсіпкерлердің қатысуымен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасында талқыланды.
Жиынға кәсіпкерлер, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Ауыл шаруашылығы министрлігінің де өкілдері қатысты. Қазақстанның астық өңдеушілер одағының президенті Евгений Ганның айтуынша, мемлекеттік инспекция көрсеткен деректер мен астықты өңдеушілердің дерегі сәйкес келмейді. Кейбір өңірде тіпті бидай көлемі екі есе аз көрсетілген.
«Ресей арзан бидайын экспорттауды тоқтатқаннан кейін өзіміздің қымбат бидайға зар болып қалдық. Бидай жоқ. Диірмендер сол күйі тұр. Бірінші бидай қымбаттады, кейін сол қымбат бидайдың өзі тапшы болып қалды. Аймақтарда диірмендер әзірге қордағы Ресей бидайын өңдеп сатып жатыр. Бірақ ол ұзаққа бармайды. Дүрбелең пайда болады», – деп ескертті Евгений Ган.
Оның сөзін орынбасары Талғатбек Әлихан жалғастырып, астықты шетелге экспорттауға мүдделі тұлғалар барын тілге тиек етті. Сонымен қатар, Талғатбек Әлихан астық өңдеушілердің атынан бірқатар ұсыныс айтты. Оның ішінде субсидия бөлу, астық экспорты кезінде қайтарымды қосымша құн салығының мөлшерін арттыру бар.
«Астықөңдеушілердіңнесиеалуынасубсидиябөлудіұсынамыз. Соныменқатар, астықтыэкспортқашығарғанғасубсидиябермей, өзіміздіңөңдеушілергеөткізгенгесубсидияберукерек. Астықты экспорттау кезінде қайтарымды қосымша құн салығы 50 пайыз, ал ұнды экспорттағанда 100 пайыз болсын», – деді ол.
АШМ Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаментінің директоры Азат Сұлтанов астық өңдеушілердің уәжіне жауап берді.
Сонымен қатар, АШМ өкілі астық алу үшін алынған несиені субсидиялауға болатынын атап өтті. Оның жылдық мөлшерлемесі – теңгелей 7 пайызды құрайды. Министрлік өкілі барлық мәселені бірге талқылауға уәде етті.
Айта кетейік, Ресей үкіметі 14 наурызда бидай экспортын тоқтататынын мәлімдеді.