Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Жаңалықтар

Қылмыскерлердің қолында болған 610 қарудың тек 206-сы табылды - Бас прокуратура

Дария Берікқызы Дария Берікқызы
Сәуір 11, 2022
Елдос Қилымжанов
43
қаралым

Нұр-Сұлтандағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Бас прокуратураның 1 Қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов Қаңтар оқиғасына қатысты тергеу жұмыстарына қатысты тың деректерді жария етті.

25 наурызда Алматыдағы «Анна» қару дүкенінен мылтық ұрлап, әуежайға, полиция департаментіне және Алмалы аудандық полиция басқармасына шабуыл жасаған Ш. есімді азамат ұсталған.

Сондай-ақ 5 қаңтарда топ болып бірігіп «ҚазАэроНавигация» ғимаратын басып алып, әуежайдың ұшу-қону жолағын сөндірген Н. есімді азамат тұтқындалған.

«Жамбыл облысында ПД бастығының экс-орынбасары ұсталды. Ол қызметтік қаруды сақтауға жауапты бола тұра, арсеналдың бір бөлігін тонауға жол берді. Қылмыскерлердің қолында 610 қару болды, бүгінге дейін тек 206-сы табылды», – деді Бас прокуратураның 1 Қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов.

Ал 4 сәуірде арнайы прокурорлар Алматы әкімдігінің алдындағы жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастыруға қатысы бар Алматы облысының 10 тұрғынын ұстаған.

Оған қоса арнайы қызмет өкілдері Шымкентте жаппай тәртіпсіздікті қаржыландыру және 5 қаңтарда Алматы әкімдігі мен ПД-ға шабуылдағандарға арматура, Молотов коктейлі құралдарын жеткізуді ұйымдастыру күдігі бойынша С. есімді азаматты  қамауға алған.

«Жамбыл облысында 5 ұйымдастырушы, 11 арандатушы және тәртіпсіздікке қатысқан 140 белсенді қатысушы анықталып, өңірдегі ұйымдасқан қылмыстық топтардың 2 көшбасшысы қамауға алынды», – деп мәлімдеді Елдос Қилымжанов.

Сонымен қатар Алматы, Жамбыл, Қызылорда облыстары мен Алматы әуежайының ПД және ҰҚК ғимараттарын тастап кету фактілері бойынша тергеу жұмысы жалғасып жатыр. Аталған органдардың басшылары күдікті деп танылған.

Тегтер: Бас прокуратураЕлдос Қилымжановқаңтар оқиғасы

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жәнібек Әлімханұлының кәсіпқой бокста қанша табыс тапқаны белігілі болды

26 мамырға арналған доллардың ресми бағамы белгіленді

Алматыда «Вендік бал» форматында соңғы қоңырау өтті

Маңғыстауда жол апатынан жеті мектеп түлегі зардап шекті

Ақтау көшелерінде тәртіп бұзған түлектер видеоға түсіп қалды

Қызылордада аудит қызметкерлері бухгалтерлерді пайдаланылған заттарды сатуға мәжбүрлеген

Жастар – өзгерісті қолдайды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru

Liter.kz - новости Казахстана

Яндекс.Метрика
  • AMANAT
  • Жазылу
  • Байланыс
  • Редакция
  • Жарнама

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»