Бүгін, 11 сәуірде Қазақстанның қор биржасында доллар қайта қымбаттады. KASE мәліметінше, соңғы сауда-саттықтан кейін америкалық валюта 3,49 теңгеге көтеріліп, 449,53 теңгені құрады. Қазір елдің екінші деңгейлі банктерінде доллар саудасы келесі курстар бойынша жүзеге асырылуда: Нұр-Сұлтандағы банктер долларды 448-450,5 теңгеге сатып алып, 456-458 теңгеден сатуда. Алматыда бір валютаны 448-452,5 теңгеге сатып алса, сату бағасы 456-458 теңгені құрады. Ал Kurs.kz порталының дерегіне сүйенсек, Алматыдағы айырбастау нүктелері долларды 457,5 теңгеден сатып, 451,5 - 456 теңгеге сатып алуда. Елордалық айырбастау орындарында доллар 455-457 теңгеден сатылып жатыр.