Ысқақ Егембердиев «Айқын-Литер» ЖШС басшылығына тағайындалды

Ысқақ Егембердиев «Айқын-Литер» ЖШС басшылығына тағайындалды

Журналист Ысқақ Егембердиев Nur Media медиахолдингіне қарасты «Айқын-Литер» ЖШС директоры болып тағайындалды. Ысқақ Егембердиев​ 1983 жылы дүниеге келген. Білімі – жоғары. Экономика магистрі, PhD докторанты. 2000-2004 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. ​ Одан кейін​ 2005-2007 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика магистрі біліктілігі мен академиялық дәрежесін алған. Еңбек жолын 2000 жылы Қарағанды облысы Жезқазған қаласының ​ «Сарыарқа», «Мысты өңір»​ газеттерінде тілші болып бастаған. 2003-2004 жж.​ «Қазақ университеті»,​ «Жас Алаш»​ газеттерінің тілшісі қызметтерін атқарған. 2005-2019​ жж. «Хабар» агенттігінде сценарист, редактор, шеф-редактор, продюсер, жоба жетекшісі ретінде еңбек еткен. 2019 сәуірінен бастап «Атырау-Ақпарат» ЖШС директорының орынбасары, бас директоры қызметін атқарып келді.