Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы сотталды
Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы сотталды
©egemen.kz
562
оқылды
Нақтырақ айтсақ, Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы сотталды.  Алматы қаласы Медеу ауданының №2 аудандық сотында С.-ға қатысты мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті тұлғамен жасалған аса ірі мөлшерде пара алу дерегі бойынша қылмыстық ісі қаралды. "2021 жылдың маусым айында Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы қызметін атқара отырып, "қысқа ішек синдромы" диагнозы бар науқас балаларға арналған дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды жеткізу бойынша мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы С. 78 млн теңге сомасында ЖШС-дан тендерді жеңіп алғаны үшін жоғарыда көрсетілген келісім сомасының 10 пайыз мөлшерінде пара талап еткен. Параны бермеген жағдайда С. ЖШС-ны жосықсыз жеткізушілер қатарында қосуы мүмкін екенін көрсете отырып, ал ұтқан жағдайда келісімшартты жасасуға және орындауға көмектесуге уәде берген. Конкурс аяқталғаннан кейін ЖШС құрылтайшысы бұл жағдайды басқа жолмен шешуге басқа мүмкіндігі болмағандықтан және жоғарыда аталған дәрілік заттарды жеткізу бойынша жеткізуші болғысы келіп, 1 000 000 теңге көлемінде ақшаны С.-ке береді", - делінген хабарламада. Сотта С. өз кінәсін мойындамаған, істеген ісіне өкінбеген. Сот үкімімен С. аса ірі мөлшерде пара алғаны үшін кінәлі деп танылып, оған мемлекеттік қызметте, судья, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, Республика Ұлттық Банкінде, Қазақстан Республикасы және оның ведомстволары, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган, мемлекеттік ұйымдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды өмір бойына атқарумен қатар, 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.