Бублик "Үлкен дулыға" турнирлерінің үш дүркін жеңімпазын ұтып кетті
Бублик "Үлкен дулыға" турнирлерінің үш дүркін жеңімпазын ұтып кетті
Қазақстанның үздік теннисшісі Александр Бублик Монте-Карло мастерс турнирі бастала салысымен атақты швейцар Стэн Вавринканы ұтып кетті. Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда әлемнің бұрынғы үшінші ракеткасы, қазіргі кезде рейтингте 236-орында тұрған «Үлкен дулыға» турнирінің үш дүркін жеңімпазы, швейцариялық Станислас Вавринкамен кездесті. Жарақатына байланысты көптен бері ойнамаған 37 жастағы швейцариялық спортшының бұл соңғы 12 айдағы екінші ойыны еді. Бірінші партияны А.Бублик брейкпен бастағанымен, С.Вавринка күш алып кетті – 6:3. Есесіне екінші сетте Бублик есе қайырды – 7:5. Шешуші, үшінші партияны қазақстандық спортшы брейкпен тәмамдады – 6:2. А.Бублик жалпы жүлде қоры 5,8 млн еуроға бағаланған мастерс жарысының үшінші айналымына шығу үшін әлемнің 19-ракеткасы, испаниялық Пабло Карреньо-Буста немесе рейтингте 66-сатыдағы аргентиналық Себастьян Баестің біреуімен таласады.