Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын насихаттау және түсіндіру мақсатында ҰҚК Шекара қызметі Жағалау күзеті 3-дивизионының жеке құрамымен кездесу жиыны өтті. Дамбы ауылдық округінің мәдениет үйінде ұйымдастырылған жиынға «AMANAT» партиясы Атырау облыстық филиалы атқарушы хатшысының міндетін атқарушы Арман Азаматов, облыстық мәслихат депутаты Айгүл Әмірғалиева, партияның облыстық филиалының Саяси жұмыс бөлімінің меңгерушісі Мәлік Кариев, Хисмет Табылдиев атындағы Каспий маңы тарихы, археология және этнология ғылыми-зерттеу институтының тарих ғылымдарының докторы, профессор Сайфолла Сапанов қатысты. Кездесу жиынында жеке құрамға Жолдаудың маңыздылығы түсіндіріліп, оның әр бағыты бойынша жан-жақты тоқталып, алда тұрған міндеттері аталып өтілді. Сонымен қатар Дамбы ауылдық округі Ардагерлер кеңесінің төрағасы Тілекқабыл Мұратолла сөз сөйлеп, «Жаңа Қазақстанды» құру жолында Президент Жолдауда тапсырған міндеттерді жүзеге асыруға қатысты өз ұсынысын жеткізді.