ҚР Ақпарат және әлеуметтік даму министрі Асқар Омаров елімізде әлеуметтік желілер бұғатталмайтынына сендірді.
Асқар Омаровтың айтуынша, әлеуметтік желілер ашық шығып, қажет деректерді береді.
– Әлеуметтік желілерді бұғаттау туралы мәселе туындаған жоқ. Балаларды қорлау мазмұнындағы контент анықталса, хабарласатын, айтатын ұйымдар бар. Бұл Лос-Анджелеске немесе Майамиге сұрау жібермеу үшін, олардан жауап күтіп жүрмеу үшін керек. Тікелей жұмыс істеу үшін қажет, – дейді ол.
Еске салайық, жаңа түзетулерге сай Қазақстанда орналасқан шетелдік әлеуметтік желілердің меншік иелері немесе өзге де заңды өкілдері БАҚ саласындағы уәкілетті органмен (МИОР) өзара іс-қимыл жасау үшін өз өкілін тағайындауы керек. Сонымен қатар бұйрық алғаннан кейін 24 сағатта Қазақстан заңнамасының талаптарын бұзатын ақпаратты жою шарасын қабылдауы қажет.