Тұман, жел: еліміздің 11 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Тұман, жел: еліміздің 11 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
456
оқылды
Синоптиктер 11 өңірде ескерту жариялады. Ақтөбе облысының шығысында түнде тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан және күндіз батыстан екпіні 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Атырау облысының батысында және шығысында найзағай, шаңды дауыл болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20, кей уақытта 23 м/с. 13 сәуірде күндіз Қызылорда облысында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстік-батысында екпіні 15 м/с күтіледі. Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, солтүстік-батысында найзағай жарқылдайды. Жел шығыстан соғады, облыстың басым бөлігінде 15-20, екпіні 23 м/с. 13 сәуірде Маңғыстау облысында шаңды дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23 м/с күтіледі. Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай, дауыл. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Ақмола облысында оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, түнде басым бөлігінде, күндіз облыстың солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді. Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде найзағай, тұман түседі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады. Жел облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында 15-20 м/с жылдамдыққа жетеді. Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында шығыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с жетеді. Солтүстік Қазақстан облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с күтіледі. Алматы облысында түнде және таңертен оңтүстігінде, шығысында және таулы аудандарында, күндіз шығысында найзағай болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында 18-23, екпіні 29 м/с.