Жарысты жеңіспен бастады
Жарысты  жеңіспен бастады
323
оқылды
Үндістанның Нью-Дели қаласында жасөспірімдер арасында Davis Cup кубогының (әлем чемпионаты) іріктеу кезеңі басталды. Қазақстан теннис федерациясы мәлімдегендей, Қазақстан құрамасы D тобында Шри-Ланка, Таиланд және Вьетнам командаларымен ойнайды. Қазақстандық жасөспірімдер бастапқы кездесуінде Шри-Ланка теннисшілерін жеңді. Бірінші болып кортқа шыққан Әмір Омарханов Тила Дисиянакимен бәсекенің бірінші партиясында қарсыласына бірде-бір гейм берген жоқ, есеп – 6:0. Тартысты өрбіген екінші  сет соңында Әмір брейк жасай алды – 7:5. Екінші ойында Данир Қалдыбеков Вишин Нилавераны 6:3, 6:4 есебімен ұтты. Жұптық сында Әмір Омарханова Виталий Зацепинмен бірге бір сағаттан астам уақытта В.Нилавера – Лисал Гунитилекені тізе бүктірді – 6:4, 6:4. Осылайша, қазақстандықтар қарсыласынан 3:0 есебімен басым түсті.