Жас сарапшылар клубының отырысы өтті
Жас сарапшылар клубының отырысы өтті
226
оқылды
Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың қатысуымен палата жанындағы Жас са­рапшылар клубының кезекті отырысы өтті. Іс-шараға қа­тысушылар ел экономикасын одан әрі дамыту үшін Пре­зидентіміз белгілеп берген міндеттерден туындайтын мәселелерді талқылады. Кездесуге «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің басқарма төрағасы Қанат Шарлапаев ар­найы шақырылды. Ол Мемлекет басшысы берген тапсырмалардың Холдингте іске асырылуы жөнінде айтты. Сондай-ақ «Бәйтеректің» қызметіне және жаңа эконо­мика­лық жағдайдағы жұмыс страте­гиясына қатысты алдағы өзгеріс­терге тоқталды. Отырысты ашқан Мәулен Әшім­баев ел Президентінің Хол­дингтің кейбір еншілес ұйымда­рын реформалау жөніндегі тап­сыр­маларына назар аударды. Сонымен қатар Сенат Төра­ғасы қазір Холдинг  экономиканың шикізаттық емес секторларын әртараптандыру және дамыту, кәсіпкерлікті және өңдеу өнеркә­сібі өнімдерінің экспортын қол­дау, агроөнеркәсіптік кешенді өр­кендету және халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету сияқты эко­номикалық саясаттың бағыт­тары бойынша белсенді жұмыс істеп келе жатқанын атап өтті. «Өңдеу өнеркәсібінің дамуын тежеп отырған бірқатар проблема бар. Олар – қолжетімді банктік несиелеудің болмауы, жеке инвес­торлар үшін жоғары валюталық тәуекелдер және өндірістік қуат­тың әбден тозуы. Сондай-ақ бі­лік­ті кадрлар да тапшы. Ішкі на­рықты қорғау үшін техникалық және тарифтік емес реттеу ая­сын­да жүйелі жұмыс жоқ. Қолжетімді қаржының жеткіліксіздігі индус­трияландыруды іске асыруға және бизнесті дамытуға негізгі кедергі болып отыр. «Бәйтерек» холдин­гінің құрамындағы даму инсти­туттары осы міндеттерді шешуі қажет», – деді Мәулен Әшімбаев. Отырыс барысында клуб мүше­лері де сөз алып, Холдинг құра­мын­дағы институттардың қызме­тін жетілдіру бойынша өз ойла­ры­мен және бастамаларымен бөлісті. Нақты айтқанда, сарап­шылар «Бәйтерек» холдингінің корпо­ративті орталығының рө­ліне, Қазақстандағы өңдеу өнер­кәсібін мемлекеттік қолдауға, тұрғын үй саясатына, шағын және орта биз­несті мемлекеттік қолдау ша­ра­ларының тиімділігі мен қол­же­тім­ділігіне және тағы басқа мәселе­лер­ге тоқталды.