Өнері әлем шарлады
Өнері әлем шарлады
196
оқылды
Grammy иегері Иманбек шетелде 24 концерт қоюды жоспарлап отыр. Сондай-ақ ол жаңа туындысын көпшілікке ұсынды. Иманбек Зейкенов америкалық әнші Salem Ilese-мен бірігіп жазған жаңа композицияны көпшілікке таныстырды. Жаңа туындының атауы – Married to your melody. Тректі барлық музыкалық қосымшадан тыңдауға болады. Сонымен қатар Иманбек АҚШ пен Еуропада жеке тур өткізбекші. Музыкалық тур 8 сәуірде Нью-Йоркте басталып, 25 қыркүйекке дейін жалғасады. Тур барысында Иманбек Канада, Швеция, Норвегия, Италия, АҚШ, Германия және Латын Америкасы елдерінде барлығы 24 концерт қояды.

К.ЕСІМХАН